Қырғыз президенті туға өзгерту енгізуде Назарбаевты мысалға келтірді

1205
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Мемлекеттік туды өзгерту туралы пікірталас барысында Қырғызстан президенті Садыр Жаппаров Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевты еске алды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан президенті 30 жыл ел басқарды. Алматыдан Елордаға көшірерде, парламентпен осы мәселені талқылады.  Бұған депутаттар қарсы болып: «Ақмолаға көшу деген нені білдіреді», «Айдала» деп қарсы пікір білдірді. Сонда Назарбаев мінбеге шығып: «Халқым, менде бір ой бар. Бүгін менің туған күнім, бір рет мақұлдаңыздар» деді. Сосын Қазақстан парламенті мақұлдап, 90-95 пайызы қолдады», - деді Жаппаров.

Оның айтуынша, қазіргі елорда әлемдегі ең озық қалалардың біріне айналды. «Мен Бішкекті көшіруді сұрамаймын, тым болмаса туды өзгертуге қолдау көрсете аласыз ба? Мен сіздің өзгерістеріңізді қолдаймын. Маған да қолдау көрсетіңіздерші. Ту аса бір өзгеріске ұшырамайды, біз оны аздап өзгертеміз», - дейді ол.

Айта кетейік, Қырғызстан Жоғарғы кеңесінің депутаттары мемлекеттік тудағы күн сәулесінің пішінін өзгертуді ұсынып отыр. Өзгерістің бастамашылары – спикер Нұрланбек Шәкиев пен депутат Ұлан Пірімов.

Олардың пайымдауынша, бүгінгі күнге дейін Қырғызстанның туын «күнбағыс гүлі ретінде қабылдайтындар бар, ту бейнесінің мағынасын екіұшты түсіндіруді жою үшін шаралар қабылдау қажет. Осы себепті депутаттар толқынды жолақтарды түзу етіп өзгертіп, күннің шынайы бейнесін көрсету керектігін айтады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер