"Көп шығын болмайды". Қырғызстан президенті рәмізді өзгерту бастамасын қолдауға шақырды

1068
Adyrna.kz Telegram
Фото: 24.kg
Фото: 24.kg

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Халық құрылтайының делегаттарын туды өзгерту бастамасын қолдауға шақырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бішкекте мемлекет басшысының қатысуымен өткен екі күнге созылған екінші Халық құрылтайы аяқталды. Жұмысты қорытындылаған президент мемлекеттік туды өзгерту бастамасы өзіне тиесілі екенін айтты.

Дегенмен мемлекеттік рәмізді өзгерту мәселені қарау оның құзыретіне кірмейтіндіктен, ол Жогорку Кенеш спикері Нұрланбек Шәкиевке жүгініп, ту авторларымен талқылау жүргізуді сұраған.

Садыр Жапаровтың сөзінше, шетелдіктер Қырғызстан туында бейнеленген шаңырақ пен күн сәулелерін күнбағыспен салыстырып, дұрыс түсінбеуі себеп болған.

Жұмыс сапары аясында мен 30-ға жуық елге бардым. Шетелдік делегаттармен кездесулерде менен ту туралы бес рет сұралған шығар. "Олар сіздің республикаңыздың басымдығы неде дейді? Сіз аграрлық республикасыз ба?" деп жиі сұрайды. Туды өзгертуге үлкен қаржылық шығындар талап етілмейді. Төлқұжаттар мен көлік нөмірлерін өзгертудің қажеті жоқ, олардың жарамдылық мерзімі біткен сайын біртіндеп ауыстырылады. Ең алдымен елшіліктер мен дипломатиялық өкілдіктерде, кейін министрліктер мен ведомстволарда тулар ауыстырылады. Бұл көп ақшаны қажет етпейді. Парламент спикерінің айтуынша, бұл шығындарды демеушілер өтей алады. Бастапқы шығындарға жеке қаражат бөлуге дайынмын. Бүгін осы бастаманы, әсіресе жастардың қолдау көрсетулерін сұраймын. Біз толық өзгертуді ұсынбаймыз, тек туымызды жақсартқымыз келеді, - деді Садыр Жапаров.

Айта кетейік, 29 қарашада парламент заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған болатын. 66 депутат қолдайтынын айтып, оң дауыс берсе, ал 8 -і қарсы.

Бұл өзгеріске қатысты елдің ҰҚК төрағасы Қамшыбек Тәшиев те өз пікірін айтқан:

"Ту күнбағысқа ұқсамауы керек, бірақ жарқыраған күннің бейнесін беруі керек", - деді.

Қырғызстанда туды өзгерту туралы пікірталастар әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Әлеуметтік желілерде #туөзгермесін хэштегімен түрлі жазбалар, флешмоб ұйыммдастырылуда.

Пікірлер