«Қатты сөкпеңіздерші». Шатқалға қашап жазба қалдырған Мәдениет үйінің басшысы кешірім сұрады

1543
Adyrna.kz Telegram

Шатқалға қашап жазу жазған азамат көпшіліктен кешірім сұрады, деп хабарлайды “Адырна”.

Ежелгі Ыбықты-cай шатқалында Мәдениет үйінің басшысы қашап жазба қалдырғаны туралы ақпарат тараған болатын. Әлеуметтік желіде тараған видеодағы ер азамат мәдениет үйінің басшысы деп хабарланған.
Ежелден жеткен мұраны қашап, оған "мәдениетсіздікпен" жазба жазған азамат көпшіліктен видео арқылы кешірім сұрады.
Ақтөбелік азамат өз әрекетін әдепсіз сөзді жасыру үшін жасадым деп түсіндірді

“Аңдаусызда жаза бастым, ағайын. Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ. Аса қатты сөкпеңіздерші. Тарихи жәдігерге қылда болса қиянат қылу ойымда болған жоқ. Кешірім сұраймын”,-деді.

Пікірлер