Барлық мектепті толықтай қазақ тілінде оқытуға көшіру жоспарда жоқ - СІМ

2260
Adyrna.kz Telegram

ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Алматыдағы бұрынғы бас консулы Евгений Бобровтың Қазақстанда орыстілділер санының азайып бара жатқаны туралы мәлімдемесін жоққа шығарып отыр, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі КазТаг-қа сілтеме жасап.

«Мүмкін, бұл адам елде біз байқаған ақпараттың барлығынан хабардар болмаған шығар. Менде Білім министрлігінен алынған деректер бар, қай мектептерде қай тілде оқытылады. 7711 мемлекеттік мектептің 3957-сі тек қазақ тілінде білім береді. 1203 мектеп орыс тілінде. Ал 2551 мектеп қазақ және орыс тілінде. Сонымен қатар, еліміздегі барлық мектептерді тек қана қазақ тілінде оқытуға толық көшіру жоспарда жоқ. Бүгінде азамат баласының қай тілде оқытылатынын өзі таңдауға құқылы», - деп түсіндірді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Бобровтың сөзіне.

Ол дипломаттың өзі республикадан шығып кеткенін атап өтті.

Бұған дейін Бобров ресейлік БАҚ-қа «орыс тілін қолдану мен үйрену деңгейінің белгілі бір деңгейде төмендегенін» айтқан еді.

Пікірлер