Боксшы Дулат Бекбауов Странджа турнирінде чемпион атанды

1432
Adyrna.kz Telegram
Фото:  Қазақстан бокс федерациясы
Фото:  Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Странджа кубогының чемпионы атанды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Болгариядағы турнирде Дулат Бекбауов алтын медаль иеленді. 67 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған жерлесіміз финалда үндістандық спортшыны басып озды.

Турнирге қатысқан 10 боксшының үшеуі 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алған.

Пікірлер