Алматыда қызды қорлаған мопед жүргізушісі қамауға алынды

1932
Adyrna.kz Telegram

Алматыда қызды қорлаған мопед жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«24 тамыз күні Наурызбай аудандық ПБ-ға 25 жастағы қыз мопед мінген белгісіз ер адамның өзін қорлағанын айтып, арызданды.

Күдікті бірден анықталды. 2001 жылы туған М. есімді азамат ұсталды. Оның әрекеті ӘҚбтК-нің 434-бабымен сараланды»,—делінген хабарламада.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Пікірлер