Алматыда жер сілкінісі сезілді

1565
Adyrna.kz Telegram

Алматыда 25 ақпан күні сағат 10:16 шамасында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-арнасы хабарлады.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 261 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан – афтершок.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13,3. Магнитудасы MPV 5,9.

Тереңдігі 10 км.

Алматыда 3 балл деңгейінде сезілді.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер