Қырғызстан TikTok желісін бұғаттайтын болды

1456
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі ел аумағында TikTok желісін бұғаттау туралы шешім шығарды. Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Министрлік бірқатар үкіметтік емес ұйымнан балалардың психикалық дамуы мен денсаулығына кері әсерін тигізетін TikTok әлеуметтік желісінің зиянды әсері туралы жиі шағымдар түскенін атап өтті.

«TikTok қысқа видеоларымен көріп отырған адамды виртуалды әлемге алып кетеді. Ал сол бейнежазбаны көрген жасөспірімдер оны қайталауға тырысады. Кейбір видео өмірге қауіп төндіреді. Балалардың психикасы әлі де тұрақсыз, ол енді ғана қалыптасып келеді және мұндай мазмұн тәуелділік тудырып, жас ұрпақтың эмоционалдық жағдайына кері әсер етеді»,—деді басқарма.

Көптеген өтінішті ескере отырып және жүргізілген мониторинг негізінде Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі Қырғыз Республикасының аумағында TikTok қызметін тарату қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады.

Пікірлер