"Өте дәмді!". Жапония премьер-министрі радиациялық апат суындағы балық дәміне баға берді

1504
Adyrna.kz Telegram

Жапония премьер-министрі Фумио Кисида радиоактивті су мәселесінен кейін Фукусимодағы балық дәміне баға берді, деп жазады "Адырна" порталы. Бұл туралы bbcnews бөлісті. 

Айтылғандай, Кисиданың Фукусимолық балықтың дәмін татқандағы реакциясы ерекше болды. Радиоактивті ағынды суларға қатысты жанжалдан кейін мәселе қайта талқылана басталған болатын. Жапония премьер-министрі Фукусимо апатынан тазартылған суындағы балық дәміне "өте дәмді" деп баға берді.

Соңғы күндері Жапония 2011 жылы Фукусимадағы ядролық апаттан тазартылған ағынды суды қайтадан теңізге төге бастады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы судың қауіпсіз екенін және адамдар мен қоршаған ортаға «болмашы түрде ғана» әсер ететінін айтқанымен, жапон балықтарының эксперттері Қытай тұтынушылардың денсаулығына байланысты жапондық теңіз өнімдеріне толығымен тыйым салатынын жариялады.

Еске сала кетейік, 2011 жылы Жапонияда радиациялық апат орын алған болатын.

Пікірлер