Тоқаев қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады

1315
Adyrna.kz Telegram

Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтады, деп хабарлайды “Адырна”.

Мемлекет басшысы өз құттықтауында жас өрендердің сапалы білім, тағылымды тәрбие алуы үшін барлық жағдайды жасайтынын атап өтті.

"Мектептің жаны – мұғалім" деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, ұстаздың бала тәрбиесіндегі орны ерекше. Әр оқушының тұлға болып қалыптасуында мұғалімдер маңызды рөл атқарады. Сондықтан біз педагогтерді әрдайым қолдаймыз. Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақтың қолында! Олардың оқуда озат болып, қоғамның барлық саласында биік белестерді бағындыруына тілектеспін! Жастарымыз келешекте Отанымызға адал қызмет етіп, оның дамуына үлес қосатынына кәміл сенемін! Білім күні құтты болсын!, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікірлер