Төрдегі тәртіп. Желіде Күдебаевтың түрмедегі суреті тарады

4040
Adyrna.kz Telegram

Желіде жазасын өтеп жатқан экс-генерал Серік Күдебаевтың суреті пайда болды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 

Түрмеде түсірілген сурет желі қолданушылар арасында қызу талқыда. Суретте Күдебаев мол жайылған дастархан басында бірнеше адаммен отырғаны бейнеленген.

Еске сала кетейік, биыл сәуір айының соңында генерал Серік Күдебаев «ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік» үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Тергеу мәліметтері бойынша, ол қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысының коменданты бола тұрып, департамент ғимаратынан шығып кеткен.

Күдебаев 23-24 наурызда Қазақстаннан қашып кеткен. Ол Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Бішкекке келіп, одан кейін Түркияға жол тартты. Күдебаевқа іздеу жарияланды. Сәуір айының соңында оның ұсталғаны туралы белгілі болды.

Бұған дейін Қырғызстанда Күдебаевтың қашу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша бес айыпталушы сотталған болатын.

Пікірлер