"Шоқ жұлдыз ағып түсті көкті жарып..." Жас ақындар Салтанат Нүкеноваға жыр арнады

2238
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Ауыр жарақаттан қайтыс болған Салтанат Нүкеноваға арнап ақындар өлең жолдарын арнады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

9 қарашада Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелдің дене жарақатынан қаза тапқаны белгілі болған еді. Әйелдің өліміне бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев күдікті екені белгілі болды. Артынша экс-министрдің екінші жарының қаза тапқаны туралы ақпарат шықты.

Қазір "әйелін азаптап өлтірді" деген айыппен Бишімбаевтың сот отырысы өтіп жатыр.

Ақын Сүндет Сейітов марқұмға арнап "Салтанат" өлеңін жазды.

Салтанат, күйге айналдың, жырға айналдың,
Тіріңде гүлден бейбақ күңге айналдың.
Лүпілдеген аяулы жүрегіңнің,
Лүп етіп, жарыларын білмей қалдым...

Өмірдің қадалғандай бізі маған,
Дәл мендей жаралылар құжынаған.
Мен танитын Қуандық момын-тұғын,
...Жо-жо-жоқ, ол - басқа адам, бұзық адам!

Шоқ жұлдыз ағып түсті көкті жарып,
"Неге? Неге? Неге?" деп, көп сұрадық.
Өз жүрегің неліктен тас төбеңді,
Жұдырыққа айналып, соқты барып?

Жыласа жанарында жас қалатын,
Халықты оятты кеп асқақ атың.
"Салтанат" күйін шертем саған арнап,
Тарихы сенен ғана басталатын.

Ал Алдияр Мерекеев:

Мен өз елім үшін ұяламын
Сөз бостандығы іс жүзінде жоқ жерде.
Мен әйелдерді қатты аяймын, мен олардың бәрін жақсы көремін,
Бұл қайта-қайта қайталанады.

Мен саясаткерлер үшін, халық үшін ұяламын,
Бірақ менің бір арманым бар.
Мәселе туралы айтсаң, аузыңды жауып тастайды,
Мен әрқашан бәрі әділ болғанын қалаймын.

Мен еркектерден, патриархаттан ұяламын,
Әрбір ұрып-соғу туралы жаңалықтар үшін.
Мен Салтанатқа қатты өкінемін,
Адам өлтіргені үшін кешірім сұрауды ешкім кешірмейді.

Үміт бар, мен сенемін
Ер адамдар өз қателіктерін түсінетін болады.
Менің арманым орындалады деп
Ал құрбандар мен азаптаулар аз болады.

Ақырында айтарым,
Бұл әлі сіздің қолыңызда.
Және әркімнің екінші мүмкіндігі бар
Мен болашаққа, өз еліме сенемін.

Желі оқырманы Жазира Иманали есімді ару Instagram желісінде марқұмға арнап өлең жолдарын қалдырған:

Күлімкөз қарағым, жайдары жамалың,

Күлкіңді көп көрді, қаскүнем адамың ...

Шарасыз болдың ау, құрсауда қамалып,

Жарқыным, ақ сұңқар жазықсыз мерт болдың.

Айта кетейік, желіде "Салтанат үшін, за Салтанат" хэштегтерімен түрлі бейне-роликтер тарап, челлендж басталған.

Пікірлер