Темекі тұқылынан шыққан. Астанада өрттен үш адам көз жұмды

1743
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Астанада темекі тұқылынан шыққан өрттен үш адам көз жұмды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпаратқа сұйенсек, бүгін түнгі сағат 01:25-те Астана қаласының Өрт сөндіру қызметіне Титов көшесі, 25 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. 

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген уақытта екіпәтерлі тұрғын үйде 70 ш.м. алаңда өрт болып жатты. Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден 1970 жылы туған ер адамды құтқарып, орташа дәрежедегі улы газдан улану диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Өрт сөндірушілер барлау және өртті сөндіру барысында 1983 және 1970 жылдары туған екі ер адамның және 1971 жылы туған әйелдің денесін тапты, – дейді ТЖМ ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Өрт сағат 02:55-те толығымен сөндірілген. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 15 адам мен 3 техника жұмылдырылды. 

Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына сөндірілмеген темекі тұқылы себеп болуы мүмкін. 

Пікірлер