Нигер халқы Франция елшісін елден шығаруын талап етіп, көтеріліске шықты

1323
Adyrna.kz Telegram
Фото: AFP 2023 / -
Фото: AFP 2023 / -

Нигер халқы көтеріліс жасап, француз елшісі мен әскерлерінің елден кетуін талап етті. Бұл туралы Al Jazeera жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Нигер баспа агенттігінің (НБА) мәліметінше, Нигер соты Франция елшісін елден шығару туралы қаулы қабылдады.

Al Jazeera басылымының ақпараты бойынша, наразылық білдірушілер француз әскери базасының жанына жиналып, елші мен 1500-ге жуық сарбаздың кетуін сұраған. 26 шілдеде билікті басып алған Нигер әскери үкіметі Франция президенті Эммануэль Макронды елге колонизация жасауда деп айыптады.

Макрон тақтан тайдырылған президент Мохамед Базумды қолдап, Нигердің жаңа билеушілерін мойындамай қойды.

Ал Нигер сыртқы істер министрлігі Франция елшісі Сильвен Итте енді дипломатиялық иммунитетке ие емес екенін мәлімдеді. Ведомство сонымен қатар полицияға Франция елшісін елден шығаруға кірісу бойынша тапсырма берілгенін атап өтті.

Сот жаңа биліктің талап арызына жауап ретінде Францияның Нигердегі бұрынғы елшісі Сильвен Иттені елден шығару туралы қаулы қабылдады, - деп хабарлады агенттік.

Елшіні өткен аптада персона нон грата деп жариялаған.  Бірақ ол белгіленген 48 сағат ішінде елден кетпеген, сондықтан оның дипломатиялық картасы мен визасы жойылды. Сол себепті Нигер билігінің талап арызында сәйкес, Иттенің Африка елінің аумағында одан әрі болуы заңсыз деп саналады.

Вена конвенциясына сәйкес, Иттені барлық дипломатиялық артықшылық пен дипломатиялық иммунитеттен айырған.

Пікірлер