ТЖ министрі Сырым Шәріпханов байланыс нөмірін жариялады

1312
Adyrna.kz Telegram

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Сырым Шәріпханов құтқарушылар тікелей хабарласа алуы үшін байланыс нөмірін жариялады, деп хабарлайды "Адырна". 

4 қыркүйектен бастап Төтенше жағдайлар министрі Сырым Дүйсенғазыұлының ТЖ министрлігінің жеке құрамына арналған телефон нөмірі "WhatsApp" мессенджерінде іске қосылды.

"Енді Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының ардагерлері өздерін қызықтыратын проблемалық мәселе бойынша тікелей министрге +7 747 651 75 88 телефоны арқылы ақпаратты жібере алады."-деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ мәселені министрге жолдамас бұрын хабарламада жеке деректер көрсетілуі тиіс: аты-жөні мен лауазымы, аймағы.

Естеріңізге сала кетейік, Сырым Шәріпханов 10 маусым күні ҚР Төтенже жағдайлар министрі қызметіне тағайындалған болатын.

Пікірлер