Тағы да төтенше жағдай. Екібастұз ЖЭО-да күл құбыры зақымдалды

1123
Adyrna.kz Telegram
Фото: Екібастұз ЖЭО әлеуметтік желідегі парақшадан
Фото: Екібастұз ЖЭО әлеуметтік желідегі парақшадан

Екібастұз ЖЭО-да тағы бір төтенше жағдай болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі "Экибастузтеплоэнерго" ЖШС әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеп.

ЖЭО-да күл құбыры зақымданған. Қазір ыстық резервтегі екі энергетикалық қазандық агрегаты іске қосылыпты.

Соңғы ақпарат бойынша, ақаулықтың салдарынан су жылыту қазандықтарының сорғы бөлмесін су басқан. Екібастұз қалалық ТЖ басқармасы мен ЕЖЭС персоналы суды сору жұмысын жүргізіп жатыр.

"Экибастузтеплоэнерго" ЖШС Instagram парақшасында сорғы станциясын іске қосу үшін қосымша қозғалтқыш әзірленгенін жазды. Қазіргі уақытта станцияда 7 қазандық агрегаты жұмыс істейді (Nº 5, 6, 7, 9, 11, 13, 14), оның ішінде су жылыту цехінің қазандығы белгілі бір аралықта мазутпен жұмыс істейді.

Компанияның берген ақпаратында:

"Жеткізу температурасы 70 градус, гидравликалық қысым бекітілген режим аясында қамтамасыз етілген: жеткізілімде 9 кг және қайтарымда 1,5 кг. Алдағы уақытта багерлік сорғыны іске қосу жұмыстары аяқталады, содан кейін кестеге сәйкес көмірмен су жылыту қазандықтарының стандарт жұмысы қамтамасыз етіледі", - делінген.

Пікірлер