"Жарылғыш зат бар". Алматыдағы қонақүйге келушілер мен қызметкерлер эвакуацияланды

1370
Adyrna.kz Telegram

Алматыда элиталық қонақүйдің бірінде жарылғыш зат қойылды деген ақпаратқа байланысты адамдарды  эвакуациялау жүргізілді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Алматы полиция департаментіне 3 қыркүйек күні сағат 23:51-де Бостандық ауданында орналасқан қонақүйлердің біріне бомба қойылғаны туралы анонимді хабарлама түскен. Жедел жеткен департамент қызметкерлері Ritz-Carlton қонақүйіне тұрақтаған қонақтар мен барлық қызметкерлерді эвакуациялаған.

«Қаланың барлық төтенше жағдайлар қызметі дереу көрсетілген нысанға тартылды. Келушілер мен қонақүй қызметкерлерін эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Сапер бөлімшесінің көпқабатты үйге комиссиялық тексеруі екі сағатқа жуық жүргізілді. Нәтижесінде жарылғыш зат табылмады», - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Қазір аты-жөні белгісіз тұлғаның жеке басын анықтауға, оны ұстауға және одан әрі қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған кешенді жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Пікірлер