“Мәскеудегі бес жылда қазақшасын ұмытқан” Сүлейменов Ұлттық Банк Төрағасы болды

1538
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур  Сүлейменов ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Тимур Мұратұлының кандидатурасын Мемлекет Басшысының ұсынысы негізінде Президент Әкімшілігінің басшысы Олжас Бектенов сенаторларға ұсынған.

Президент Әкімшілігінің басшысы:

"Тимур Мұратұлы төрт жылдан астам Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді, әлеуметтік-экономикалық даму блогын басқарды, осы саладағы реформаларды іске асыруға белсенді қатысты. Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігін басқарған. Оның жеке қасиеттері мен біліктілігі Ұлттық банктің қызметін жетілдіре алады. Сүлейменов Тимур Мұратұлының Ұлттық банк басшысы лауазымына кандидатурасын қолдауды сұраймыз", - деді.

Ұлттық банктің басшылығына үміткер  Сүлейменовті Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрағасы “білікті маман” деп атап өтті. Сұлтанбек Мақежановтың сөзінше, Тимур Сүлейменовтің кандидатурасы Сенаттың Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында талқыланған.

Жаңа басшының еңбек жолын Ernst & Young Kazakhstan компаниясында бастаған.

2016 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен ол Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.

Сол жылы Ұлттық экономика министрi Тимур Сүлейменов өзiне жүктелген мiндеттердi үлкен жауапкершiлiкпен және адал орындауға әзiр екенін айтқан.

Сондай-ақ Мәскеуде қызмет еткен жылдары ұмытыңқырап қалған қазақ тiлiн жарты жылда қайта меңгерiп алмақ ниетте екенін жеткізген еді. Қазақ тілінде қойылған сұрақтарға тек орысша жауап берген Сүлейменов:

«Мәскеуде бес жыл қызмет еттiм, туған тiлiмдi ұмытып қалыппын. Бiрақ алты айдың iшiнде меңгерiп аламын», - деп уәде бергенін еске саламыз.

Пікірлер