“Қара базардағы” су саудасы. Кеткен Сүлейменова Жолдауды күткен бе?

1958
Adyrna.kz Telegram

Бұрынғы экология министрі Зүлфия Сүлейменова Су ресурстары және ирригация министрі болып сайланған Нұржан Нұржігітовты құттықтай отырып, еліміздегі су мәселесіне қатысты бірқатар шетін жайттарды сөз етті. "Қара базардағы" заңсыз саудаға түскен тіршілік көзінің көпшілік біле бермейтін парқы мен нарқы жайлы жазып, күрмеуі көп келеңсіздіктерді су жаңа су министрлігіне аманаттағандай болады. Бұл жайды "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды.  

Сүлейменова Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі судың көлеңкелі нарығы вегетациялық кезеңде шамамен 5 млрд теңгеге бағаланатынын айтты.

Болжамды есептер бойынша, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде егіс суару кезіндегі судың «көлеңкелі нарығы» 5 млрд теңге деп бағаланады. Біз осындай актілерді гидротехникалық карталарды жаңартуды және қайта жазуды жою арқылы, сондай-ақ заңнамадағы жаңа түзетулерді бұзғаны үшін қолданылатын жауапкершілікті қатаңдату арқылы шаралар қабылдап бастаған едік.Министрлік басшылығы осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыратынына сенімдімін, - деп жазды ол Instagram-парақшасында.

Сүлейменова басқаруында болған министрліктің жұмысын қорытындылау аясында, ол маусым айында президентке бұл мәселені жою қажеттігі туралы айтқанын атап өтті.

Оның ішінде: су ұрлау, нақты пайдаланылған суармалы жерлер туралы сенімді деректердің болмауы, сорғыларды арналар мен су объектілеріне заңсыз қосу, қажетті инфрақұрылым жасалмай, суармалы жерлерді заңсыз ауыстыру фактілері анықталған.

Экс-министр тіршілік нарығындағы талан-таражыға түскен заңсыз "су саудасы" жайлы  Тоқаевты да кезінде құлағдар еткенін жазды. Сүлейменова қызу су саудасы жайды президентке маусым айындағы қабылдау кезінде есеп берген.

"Су үнемдеу технологияларын қолданысқа - өте маңызды мәселе. Шынын айту керек, қазір жаңа тарифтік саясат құрмасақ, түк те жасай алмаймыз. Ескірген, тозған инфрақұрылымның мүмкіндігі аз, оның аясында жұмыс істеу қиын. шегінде жұмыс істейді. Жаңасын құру - нарықтың міндеті. Шамадан тыс су тұтыну - тарифтің жоғарылауына тең. Бір сөзбен айтқанда, суды үнемдеу керек", - деді Тоқаев.

Тоқаев осы жылғы халыққа Жолдауында су саласындағы "қара базарды" толығымен жою қажеттігін атап өтті. "Қара базардағы" қызған су саудасы жайлы, қара судың оңды-cолды сатылуына жол ашып беріп отырған бассыздықтар мен жүйесіздіктер жайлы Тоқаев та жақсы білетін секілді.

Су - шектеулі ресурс. Барлық шаруалардың тағдыры су тағдырымен тығыз байланысты. Мемлекет басшысы бұл саладағы бұзушылықтар үшін қатаң жазаланатынын айтты.

Ал экс-министр, сонымен қатар, "Қазсушар" компаниясының 2017-2018 жылдары алған сыртқы қарызы көптеген қиындықтар туғызғанын еске алады.

"Осыған байланысты біз ол қарызды қайта құрылымдап, компанияны қаржылық тұрғыдан сауықтыруға кірістік. "Қазсушар" РМК-ны "Нұра топтық су құбыры" РМК-мен біріктіру арқылы және "Су-Метралогия" филиалын бөліп шығару арқылы қайта құрылымдаудың жол картасы әзірленді. Өйткені мүдделер қақтығысы бар еді. Компанияның қаржылай тұрақтылығын бірнеше рет мәселе етіп көтердім. Ақырында Жоғары аудиторлық палата тексеру жүргізді. Анықталған заң бұзу фаткілерінің бәрі бойынша министрліктің жаңа басшылығы біз қабылдап үлгермеген тиісті шешімдерді қабылдайды деп сенемін", - делінген жазбада.

Осылайша Зүлфия Сүлейменова бірқатар атқарылған жұмыстарды санамалап атады. Су мәселесі бойынша Қытай халық республикасы министрімен, Өзбекстан атқамінерлерімен жүргізілген аса маңызды келіссіөздерден дерек келтірді.

Сондай-ақ, экс-министр Арал теңізінде су ағынының ұлғаюы туралы айтты: қаңтардан тамызға дейін Солтүстік Аралға 1,6 млрд текше метрден астам су түсті (өткен жыл ішінде – 800 млн текше метр), сондай-ақ, Жамбыл облысында егін шығынын азайту және т. б мәселелер турасында айтылды.

Бұрынғы экология министрі өз жазбасымен жүйелі жұмыстардың жалғасын табуына тілектестік танытып, жоспарлы істерді жаңадан құрылған басқармаға "аманаттағандай" әсер қалдырады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін экология және табиғи ресурстар министрлігінен су ресурстары және ирригация министрлігі бөлінген еді. Экология министрлігін Ерлан Нысанбаев, су ресурстары министрлігін Нұржан Нұржігітов басқарды.

Зүлфия Сүлейменова 2023 жылғы 4 қаңтарда Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды. Осы жылдың 1 қыркүйегінде мемлекет басшысының жарлығымен аталмыш қызметтен босатылды.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер