Маңғыстау әкімдігі "Адырна" жариялаған дәретхана қағазы жайлы сынға жауап берді

1812
Adyrna.kz Telegram

"Адырна" ұлттық порталы "Маңғыстау облысы әкімдігінің Іс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі дәретхана қағазына арнап 7 024 609 теңге қаржы бөлгені туралы сыни материал жариялаған еді.  Облыс әкімдігі аталған сынға жауап берді, - деп хабарлайды Адырна ұлттық порталы.

Тілшіміз аталған материалда әкімдікте қызмет істейтін шенеуніктер күніге 694 орам, яғни 104 100 метрлік әжетхана қағазын пайдаланатынын, мұндай көп қағазды пайдалану үшін мемқызметкерлер күніге қанша рет дәретханаға баруы керектігін сұраған.

Ресми жауапта: "Дәретхана қағаздарын сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы «Маңғыстау облысы әкімдігінің Іс басқармасы» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай-Мекеме). Мекеменің негізгі мақсаты мемлекеттік мүлікті пайдалану және ұстау, жергілікті өкілді, атқарушы және мемлекеттік органдар үшін шаруашылық тауарлармен оның ішінде дәретхана қағаздарымен, тағыда басқа заттармен жабдықтау функцияларын орындау болып табылады. Жоғарыда аталған ғимараттарда орналасқан мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын дәретхана қағазы және басқа да заттар сатып алынады. Жоғарыда аталған ғимараттарда барлығы 1300 қызметкер орналасқан. Сонымен қатар, тек облыстық жинау пунктінде жыл сайын 15 дәрігер, 80 қызметкер және 1500 әскерге шақырылушы казармалық жағдайда орналастырылады. Сондықтан гигиена құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын келушілерге, қызметкерлер мен әскерге шақырылушыларға ыңғайлы болу үшін осындай тауарларды сатып алу жүргізіледі" делінген.

Ресми жауапта көрсетілген 2895 адам күніне 694 орам дәретхана қағазын пайдалануы мүмкін бе? Енді бізді осы сұрақ мазалап отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер