Ауғанстан-Пәкістан шекарасында қақтығыс басталды

1579
Adyrna.kz Telegram

Ауғанстан-Пәкістан шекарасында Торхам өткізу бекетіне жақын жерде қақтығыс болды, - деп хабарлайды"Адырна" порталы BNN Breaking арнасына сілтеме жасап.

Порталдың хабарлауынша, «Торхам» шекарасында Пәкістан мен Ауғанстан әскерлері арасында үздіксіз атыс жалғасуда, жағдай ушығып тұр. Шекара корпусының офицері жараланды. Жаралы офицер Ланди Коталдағы бірлескен әскери госпитальға жеткізілді.

Бұл қақтығыс шекара дауы, атап айтқанда, Ауғанстан әскерлерінің шекарада бақылау-өткізу бекетін салу туралы шешіміне байланысты екені атап өтіледі. Шекара корпусының өкілдері ауған әскерлеріне оны салуға тыйым салынғанын алға тартып, жанжал атысқа ұласқан. Торхам бақылау-өткізу пункті маңызды транзиттік пункт болып табылады және атыс жалғасуына байланысты жабық күйінде қалды.

Торхам бақылау-өткізу бекетінің жабылуы саудаға, транзитке және трансшекаралық қызметке тәуелді және күн көретін жергілікті тұрғындардың күнделікті тұрмысына әсер етті. Бұған қоса, жалғасып жатқан қақтығыс аймақтағы тұрақтылыққа қауіп төндіріп, тек Пәкістан мен Ауғанстанға ғана емес, көршілес елдерге де қиындықтар туғызады.

Пікірлер