Газа секторынан эвакуацияланған қазақстандықтар Каир қонақ үйіне орналастырылды

1319
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Газа секторынан Мысырға эвакуацияланған қазақстандықтар Каирге келді. Олар қонақүйге орналастырылды, деп хабарлайды "Адырна" порталы.

«Қазақстандық дипломаттар мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері оларға барлық қажетті көмекті, соның ішінде психологиялық қолдауды көрсетуде. Бұл ретте отандастарымыз бен олардың отбасы мүшелерін құжаттандыру мәселелері шешілуде», - деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қарашада Газа секторында болған қазақстандықтарды эвакуациялаудың бірінші кезеңі өткен болатын. 92 адам Рафах бақылау-өткізу бекеті арқылы Мысыр аумағына өтті.

Біздің отандастарымыз бен олардың отбасы мүшелері Қазақстанның қалған азаматтары мемлекет территориясынан шығарылғанша Каирде болады. Содан кейін олардың артынан эвакуациялық комиссия жіберіледі.

Пікірлер