ОҢҒАР ҚАБДЕН: Астананың мектептері Индияның вокзалдары сияқты. Бұрын мектеп бітірген бала грантқа түссе қуанушы едік, қазір балаңа мектептен орын табылса қуанатын болдық)

1556
Adyrna.kz Telegram
Ауылдарда бала жоқ боп мектептер жабылып жатыр. Қалаларда мың адамдық мектепте бес мың бала оқып жүр. Астананың мектептері Индияның вокзалдары сияқты. Бұрын мектеп бітірген бала грантқа түссе қуанушы едік, қазір жетіге толған балаңа мектептен орын табылса қуанатын болдық)
Назарбаевтың урбанизация саясатының "жемісі".
Сосын, қазақтың саны 19 миллион деген өтірік цифр. 25 миллионға жеткен сияқтымыз. Өзбек пен тәжіктер сандарын өсіріп көрсетеді. Қазақтар кемітіп көрсетеді деп өткенде еуропалық бір журналист жазды деп жатыр еді. Сол бірдеңе біледі-ау.

 

 

Пікірлер