Франция билігі мұсылмандарға арналған жекеменшік лицейге мемлекеттік қолдау көрсетуді тоқтатты

1094
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөз бетінен
Фото: Ашық дереккөз бетінен

Францияда мұсылман балалары білім алатын жетекші білім беру мекемелерінің бірі - Аверроэс лицейімен (Ибни Рюшд) Түркия елі арасындағы мемлекеттік келісімшарт жойылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Anadolu Ajansı сайтына сілтеме жасап.

Мәліметтерге сүйенсек, тиісті шешімді Францияның О-де-Франция губернаторы Джордж-Франсуа Леклерк қабылдаған.

Леклерк бұл шешімін лицейде берілген оқыту жүйесін Францияның Ұлттық Білім Министрлігінің оқу жоспарына «толық сәйкес келмейді» деп түсіндірді. Аймақ билігі оқу бағдарламасында «мәдениет, гендераралық қатынастар, гомосексуализм» сияқты тақырыптар бойынша ресурстардың тапшылығын атап өтті.

Сондай-ақ олар оқу бағдарламасында ислам туралы ақпарат көлемі басқа діндерге қатысты тақырыптарға қарағанда басым деп санайды. О-де-Франция билігінің пікірінше, лицейде жұмыс істейтін кейбір мұғалімдер  «республикалық құндылықтарға қарсы». Шешім лицейдің тұрақты оқытушыларын және жылдық бюджеттен жарты миллион еуро мемлекеттік көмекті жоғалтуына әкеледі.

Қараша айында О-де-Франция губернаторының нұсқауымен жиналған арнайы білім беру жөніндегі консультативтік комиссия 2008 жылы мектеппен жасалған келісімшартты бұзуға дауыс берді.

Білім беру мекемесі Лилль қаласында орналасқан. Лицей 2003 жылы жұмыс істей бастаған және хиджаб тағып жүргендіктен басқа оқу орындарына бара алмайтын мұсылмандарға бірінші болып есігін айқара ашты. Айта кетерлігі, Аверроэс түлектерінің жоғары оқу орындарына түсуінің табыстылық көрсеткіші 90 пайыздан асады.

Бүгінгі таңда Аверроес орта мектебі мен лицейінде 800-ден астам оқушы оқиды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер