«Ұлттық мектеп асханасы» пилоттық жобасын жүзеге асыру басталды

1252
Adyrna.kz Telegram
Фото: shutterstock
Фото: shutterstock

50 ұлттық тағам Қазақстандағы мектеп мәзіріне енгізіледі, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әр мектеп оқушылар үшін «салауатты өмір салтын ұстанатын мектеп» болуы керек, сонда олардың кез келген іс-әрекеті сауықтыру және педагогикалық бағытта болады. «Ұлттық мектеп асханасы» жобасы ұлттық тағам мәдениетін қалыптастыруға және мектеп ас мәзіріне 50 ұлттық тағамды енгізуге мүмкіндік береді. Бұл ғасырлар бойы қалыптасқан рацион, көне тәжірибенің жемісі», - деді ҚР Білім вице-министрі Наталья Жұмаділдаева.

Айта кетейік, Астананың алты мектебінде «Ұлттық мектеп асханасы» пилоттық жобасын іске асыру басталды, онда мектепте тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша кезең-кезеңімен шаралар кешені қарастырылған.

Пікірлер