Алматыда оқушыларды жаңа автобустермен тасымалдайтын "Мектеп автобусы" пилоттық жобасы іске қосылды

1285
Adyrna.kz Telegram

Алматыда оқушыларды жаңа автобустермен тасымалдайтын "Мектеп автобусы" пилоттық жобасы үш күн бұрын іске қосылды. Бүгін де қоғамдық көліктер 8258 оқушыны 30 мектепке тасымалдар жатыр. Айта кетерлігі, бұл ауқымды әрі маңызды жобаны іске асыруға қала әкімі Ерболат Досаев тапсырған еді. Автобустар білім басқармасының көмегімен сатып алынды. Нақтырақ тоқталсақ, бір қоғамдық көліктегі 50-і 21 орындық және 40 орындық 50 автобус. Пилоттық жобаны іске қосудағы басты мақсат - шалғай ауылдарда тұратын және кішкентай оқушыларды тасымалдау.

Мысалы, №210 мектеп-лицейіне ықшамауданнан 222 бала тасымалданады. «Байбесік» және «Ұлжан-2» ықшамауданынан 148 бала,  №200 мектеп-гимназиясына Абай саяжайынан 241 оқушыны тасымалдайды. №162 мектеп-гимназиясына 175 баланы «Жас Қанат» ықшамауданынан, ал №183 жалпы білім беретін мектепке мектеп автобусы саяжай алабынан және «Асқартау» ықшамауданынан 76 оқушыны алып келеді.

Мектеп автобустары барлық халықаралық қауіпсіздік стандарттары мен техникалық талаптарға сәйкес келеді: апаттық шығу, қауіпсіздік белдіктері, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған пандус, өрт қауіпсіздігі жүйесі. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова атап өткендей, әр мектеп бойынша маршруттық парақтар әзірленді. Бұл мектепке дейін жеткізуді қажет ететін барлық баланы қамту үшін жасалады. «Мектеп автобусы» жобасының екінші кезеңін іске асыру үшін Алматы қаласы қалалық мобильділік  басқармасы 2024 жылы қала мектептері үшін қосымша 50 автобус сатып алуды жоспарлап отыр.

«Бүгінгі таңда балаларды отырғызу және түсіру үшін арнайы аялдамалар бар. Сол бағыт бойынша оқушылармен бірге арнайы мұғалімдер де еріп жүреді.  Жобаны одан әрі кеңейтудің арқасында 12500 бала қамтылады. Біздің бағалауымызша, дәл осы 1-11 сыныпқа дейінгі балаларға мектепке қатынау үшін мектеп автобустары қажет»,-деді ол.

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, қазір 30 мектептің барлығында оқушыларды тасымалдауға келісім-шарт жасалған. Бұл үшін бюджеттен 1,4 млрд теңге қарастырылған.

«1 қыркүйектен бастап барлық автобус тиісті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, бекітілген маршруттар бойынша балаларды тасымалдайды. «Мектеп автобусы» жобасын жүзеге асыру оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», - деді Ләззат Әуесханқызы.

Пікірлер