Балалар өгей әкесімен бірге тұратын отбасылар тексеріледі

1976
Adyrna.kz Telegram

Балалар өгей әкесімен бірге тұратын отбасылар тексеріледі. Бұл туралы Бас прокуратурадағы ведомствоаралық кеңесте айтылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұдан бөлек балалар жарақаттануының себептері, кәмелетке толмағандар арасындағы балалар суицидінің және қылмыстың алдын алу жөніндегі жұмыс талқыланды. Сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау және отбасыларға қолдау көрсету үшін IT-технологияларды пайдаланудың жаңа тәсілдері қарастырылды.

Бас прокуратура құқық бұзушылықтың алдын алу шараларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін «Е-превенция» жобасын таныстырды.

«Кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін прокуратура қызметкерлері қолайсыз отбасыларға, көпбалалы отбасыларға және балалар өгей әкесімен бірге тұратын отбасыларға барады»,—деді басқарманың баспасөз қызметі.

Жоба елордада және Ақтөбе облысында сыналып жатыр.

Ал Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева зорлық-зомбылық, қатыгездік, балалардың терезеден құлауы, балалар мекемелерін лицензиялау және буллинг мәселелері бойынша 50-ден астам түзетулерді қамтитын балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты заңнамалық сипаттағы ұсыныстар келтірді.

Мемлекеттік органдар бұл ұсыныстарды жұмыс тобының отырыстарында талқылайтын болады.

Пікірлер