Сайлау заңындағы олқылықтар

1798
Adyrna.kz Telegram

Сайлау заңындағы олқылықтар:

1. Неге президент сайлауына кандидат тұлға 5 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істеуі керек?.. Жеке кәсіпкерлер, ұлттық компанияларда еңбек ететін миллиондаған азаматтардың сайлану құқығы неге шектеледі?..

2. Неге Қазақстан азаматтары президент сайлауына өзін-өзі ұсына алмайды?.. Не үшін саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар ғана ұсынуы керек?..

Жауабы анық. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың толығы дерлік билік тарапынан бақылауға алынған. Осы арқылы сайлау кезінде ыңғайлы кандидаттарды ғана шығарып ашық саяси бәсекеге жол бермеу. Мемлекеттік қызметте істеген азаматтарды ғана сайлауға қатыстыру арқылы 70-80% Қазақстан азаматтарының сайлану құқығын шектеу.

Менің ойымша Елбасы құрметті демалысқа кетіп, билікті келесі президентке тапсырмай Қазақстанда демократиялық принциптердің дамуы заман ағымынан кейін қала береді. "Әуелі экономика одан кейін саясат" ұстанымы шала-шарпы орындалды. 30 жылда жеткен күніміз, барымыз осы. Кезек саяси реформада. Заманның ағымы осыған әкелуде. XX ғасырдың басында Англия, Германия, Ресей, Осман императорлары мен монарxиялық жүйелері келмеске кетті. XXI ғасырда авториларлық жүйлер мен 30 жылдап билікте отыратын президенттер бірінен кейін бірі келмеске кетуде. Қазақстан да әлемдік қауымдастықтың бір мүшесі ретінде бұл адамзат дамуының табиғи процесінен қашып құтыла алмайды. Түбі айналып демократиялық құндылықтарды белсенді орнықтыратын елдердің қатарына қосыламыз. Тезірек іске асса бұл процесс тыныш өтеді.

Елбасы қазір Қазақстанда ескілік пен авторитаризмнің символы іспеттес ыңғайсыз жағдайға түсті. 30 жыл бір елді ашса алақанында жұмса жұдырығында ұстап қалаған реформасын өткізді. Қазақстандық ноу-xауды жасауға уақыты жетіп артылды. Бағасын тариx береді. Ендігі өзі де ойланар.

Бауыржан Серікбаев

Пікірлер