«17 адам қаза тапты». Ресей Константиновкадағы базарға шабуыл жасады (ВИДЕО)

3692
Adyrna.kz Telegram

Ресей әскері Украинаның Донецк облысы Константиновка қаласындағы базарға шабуыл жасады. Кем дегенде 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі euronews-ке сілтеме жасап.

Украина Ішкі істер министрлігі 32 адамның зардап шеккенін мәлімдеді. Олардың арасында құтқарушы да бар.

Владимир Зеленский Telegram желісіндегі парақшасында шабуылдың бейнежазбасын жариялап, дүкендер мен дәріханалардың қирағанын атап өтті.

«Жазықсыз адамдар. Қаза тапқандар мен жараланғандардың саны өсуі мүмкін»,—деді ол.

Пікірлер