Бурабайда бес жұлдызды қонақүйдің қызметкерлері жаппай астан уланды

1228
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Бурабайдағы бес жұлдызды қонақүйдің қызметкерлері жаппай астан уланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. 

Ақпарат бойынша, астан уланған 17 қызметкер медициналық көмекке жүгінді. Қазір 9 адам жұқпалы аурулар ауруханасында жатқызылған. Қалғанының жағдайы қалыпты. Дәрігерлердің айтуынша, барлық науқасқа бактериялық ішек инфекциясы диагнозы қойылған. Қазір қонақ үйдің мейрамханасына жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр. 

Қазір қонақүйдің мейрамханасынан су, тамақ өнімдері мен шайындылардан  40-қа жуық сынама алынып, зертханаға жіберіледі. Алғашқы қорытындысы 3 күн аралығында белгілі болады. Басқа қызметкерлерден әзірге шағым түскен жоқ ,– деді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов.

Пікірлер