ТЖМ жер сілкінісін растамады

1026
Adyrna.kz Telegram

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысындағы зілзаланы жоққа шығарды, деп хабарлайды “Адырна” порталы.

Earthquake қосымшасында "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жанында жер сілкінісі болғаны туралы мәліметтер пайда болған болатын.

Бұл бағдарлама әлемдегі соңғы жер сілкіністерін онлайн бақылауға мүмкіндік беретін қосымша. Earthquake хабарланғандай, жер сілкінісі негізі Астана уақыты бойынша сағат 13:57-де болған.

ТЖМ жер дүмпулерінің болмағанын мәлімдеді.

4 ақпанда 13-57-де "Earthquake" қосымшасы Ақмола облысының аумағында, "Бурабай" паркінің жанында болған жер сілкінісі туралы ақпаратты жариялады. ТЖМ сейсмикалық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы бұл жағдайда жер сілкінісін растамайды,-делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Пікірлер