Ресейде ЮНЕСКО-дан шығу мәселесі көтерілді

1708
Adyrna.kz Telegram

Мемлекеттік Дума депутаттары Ресей Федерациясының ЮНЕСКО-дан шығу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Думаның вице-спикері Петр Толстой білім, ғылым және мәдениет мәселелерімен айналысатын бұл халықаралық ұйымды «саясаттандырылған» деп атады.

«Байкалдың туристік дамуы үшін ормандарды кесуге рұқсат беретін заң жобасын әзірледік. Алайда оны ЮНЕСКО мамандарының сынға алуы Ресейдің ішкі істеріне араласу болып саналады»,—деді ол.

Вице-спикер Батыс Ресейдің «феноменальды туристік мүмкіндіктерін» дамытуға кедергі жасағысы келетініне сенімді.

Айта кетейік, 2023 жылдың шілдесінде Мемлекеттік Дума депутаттары аймақтың «туристік дамуы» мақсатында 2030 жылдың 31 желтоқсанына дейін Байкал көліндегі ормандарды кесуге рұқсат беретін заңға бірінші оқылымда дауыс берген болатын.

Пікірлер