Мароккода жер сілкінісі салдарынан жүзге жуық адам қаза тапты

2280
Adyrna.kz Telegram

Мароккода жер сілкінді. Елдің ішкі істер министрлігі жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар санын 290-нан асуы мүмкін деп болжап отыр. Мемлекеттің бірнеше аймағында дүмпулер сезілді. Марракеш қаласында ғимараттар құлады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Мароккода болған үлкен жер сілкінісі салдарынан кем дегенде 296 адам қаза тапты. Мұндай алдын-ала мәліметтерд3 Солтүстік Африка Корольдігінің Ішкі істер министрлігі сенбіде, 9 қыркүйекке қараған түні жариялады.

Тағы 153 адамның жарақат алып, ауруханаларға жеткізілгені айтылды.

7,2 баллдық жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 23.00 шамасында болды. Бұл деректерді Марокко ұлттық геофизикалық институты мақұлдады.

Жер сілкінісінің кіндігі Марракеш - Сафи аймағында болған. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметі бойынша, эпицентр 18,5 шақырым тереңдікте орналасқан, ал магнитудасы 6,8 болды.

Дүмпулер бірнеше аймақтарда сезілді. Куәгерлер Марракештегі әртүрлі ғимараттардың құлағанын хабарлайды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер