Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне хат жолдады

6012
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Фумио Кишидаға көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Фумио Кишидаға елдің батысындағы Ното түбегінде болған жер сілкінісі салдарынан құрбан болғандарға байланысты көңіл айтты.

«Еліңізде орын алған жойқын табиғи апат туралы хабарды оқып қатты қайғырдым, оның салдарынан көптеген адамдар қаза тауып, зардап шекті. Сізге Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Жақындарынан айырылған отбасылар мен зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін және хабарсыз кеткен азаматтардың отбасыларына аман-есен оралуын тілеймін», - делінген жеделхатта.

Естеріңізге сала кетейік, дүйсенбі, 1 қаңтарда Жапонияда бірнеше жойқын жер сілкінісі болды. Екі сағат ішінде елдің батыс жағалауында Ишикава және Ниигата префектуралары аймағында 29 жер дүмпулері тіркелді.

Пікірлер