Ақтаулық бала шатырдан құлап, қос үйдің ортасына қыстырылып қалды

1561
Adyrna.kz Telegram
Кеше Ақтау қаласы, 16-шы ықшам ауданы, 59 үй мекенжайында қараусыз қалған бала қуысқа құлап кетіп, қос үйдің қабырғасына қысылып қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Оқиға орнында қалалық төтенше жағдайлар департаментінің екі көлігі мен жеке құрамнан сегіз қызметкер аттанып, құтқару жұмыстарын жүргізді.

"Оқиға орнына жеткен ТЖД қызметкерлері аталған мекен-жайда жеті қабатты тұрғын үйдің шатырынан қабырғалары жақын орналасқан екі тұрғын үйдің арасындағы қуысқа баланың құлап, бірінші қабат деңгейінде қыстырылып қалғанын анықтады. ТЖД қызметкерлері күшімен 2006 жылғы жасөспірім қауіпсіз жерге шығарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі таңда зардап шеккен бала Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр деп бағаланады", - деп хабарлады ТЖМ өкілдері.

Сонымен қатар, зардап шеккен баланың тұрғын үйдің шатырына шығып, достарымен бірге ойнап жүргені, ата-ана қарауынсыз қалғаны нақтыланады.

"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер