"Көршісін өлтірген". Түркияда қазақ қызы күдікке ілінді

1680
Adyrna.kz Telegram

Түркияда қазақстандық азаматша кісі өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

30 жастағы Қазақстан азаматшасы Түркияда бірге тұратын көршісін өлтірді деген күдікпен ұсталған. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

31 тамызда Түркияның Бурса қаласында түрік азаматын өлтірді деген күдікпен 1993 жылы туған Қазақстан азаматы ұсталған. Қазір тергеу жүріп жатыр.

"Ол 2018 жылдан бері Түркияда болды. Марқұм оның бірге тұратын адамы болды. Кезекті тұрмыстық жанжал кезінде қыз көршісіне пышақ сұғып, салдарынан адам қайтыс болды", – делінген ведомствода.

Пікірлер