Шымкенттегі ескі ғимаратта 18 жастағы жасөспірім қаза тапты

1008
Adyrna.kz Telegram
ГосАрхив
ГосАрхив

Шымкентте «Фосфорник» мәдениет сарайының шатыры құлап, салдарынан 18 жастағы жасөспірім қаза тапқан, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ГосАрхив телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздыбеков «Фосфорник» мәдениет сарайына бірнеше оқушының кіргенін мәлімдеді.

«Ақпарат бойынша, жігіттердің бірі екінші қабатқа көтерілгенде, ғимараттың ішкі құрылысы опырылып түскен. Арнайы техника мен құтқарушылардың көмегімен үйінді астынан жас жігіттің денесі шығарылды. Марқұмның отбасына көңіл айтамын», — деп жазды Ғабит Сыздықбеков әлеуметтік желіде.

Әкім оқиғаға дейін ғимараттың айналасына ескерту таспалары тартылып, жақын жерде полиция патрульі кезекшілікте тұрғанын атап өтті.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер