Шымкентте бірнеше адамды өлтірді деген күдікпен 28 жастағы ер адам ұсталды

2685
Adyrna.kz Telegram
Otyrarkz
Otyrarkz

Шымкентте бірнеше адамды өлтірді деген күдікпен 28 жастағы ер адам ұсталды. Аталған оқиға бойынша, екі адам қаза тауып, біреуі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «Отырар» телеарнасына сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, 4 қаңтар, сағат 18:00 шамасында Абай даңғылының бойынан денесінде бірнеше пышақ жарақаты бар 48 жастағы ер адам табылып, ол N1 қалалық ауруханасына жеткізілген.

Араға уақыт салып 1 мамыр көшесінде 1984 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Алайда жаға ұстатарлық оқиға мұнымен аяқталған жоқ.

5 қаңтар күні сағат 12:00 шамасында Шымкент қаласының Еңбекші ауданында тағы бір ер адамның мәйіті табылды.

Сол күні Тәуке хан даңғылының бойында қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы азамат ұсталды.

"Күдікті ұсталды. Аса ауыр қылмыс жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - делінген Шымкент қалалық ПД ресми хабарламасында.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер