Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді

1512
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Қазақстан өз алаңында Солтүстік Ирландия ұлттық құрамасын 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды adyrna.kz сайтының тілшісі.

Ойындағы жалғыз голды 27 минутта Максим Самородов соқты.

Естеріңізге сала кетейік Магомед Адиев шәкірттері 7 қыркүйек күні Финляндияға қарсы ойында 1:0 есебімен ұтылған болатын.

Қазақстан өз алаңындағы жеңістен кейін 12 ұпаймен Финляндиядан соң екінші орында тұр. Алайда бүгін Словения мен Сан-Марино, Финляндия мен Дания ойнайды. Демек бірер сағаттан кейін кесте өзгеруі мүмкін.

Пікірлер