Бола ма, болмай ма? АЭС жайлы референдум уақытына болжам айтылды

857
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда атом электр станциясы бойынша референдум өткізудің болжамды күндері аталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ҚазТАГ-қа сілтеп.

Атом электр станциясына қатысты референдум 2024 жылдың жазының аяғында немесе күзде өтуі мүмкін.

19 мамыр күні экономист Әсет Наурызбаев атом электр станцияларын қолдаушылар болашақта энергия үшін 30 теңге емес, сағатына 70 теңге төлеуді ұсынған болатын.

Сарапшы АЭС бойынша Президент уәде еткен референдумды ашық дауыс беру арқылы өткізу қажет деп есептейді. Себебі атом электр стансасын салу жөніндегі референдум - болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік.

Былтыр 6 қыркүйек күні Орталық сайлау комиссиясы атом электр станциясына қатысты референдумды 2023 жылдың өзінде-ақ өткізуге дайын екенін мәлімдеген болатын.

5 қазанда Энергетика министрлігі Қазақстанның «Росатом» және тағы үш компаниямен атом электр станциясына қатысты терең келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады. Бірақ 27 қазанда Қазақстан мердігерлердің өтінімдерін қарауды тоқтатты.

Пікірлер