«Қатаң жазалау керек». Белгілі әнші Стамғазиев домбыраны арамға санағандарға пікір білдірді

2548
Adyrna.kz Telegram

Белгілі дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев домбыраны арамға санағандарға пікір білдірді. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Құрметті ағайын!

Кейінгі кезде осындай аузы басын түк басқан дүншілдердің қисық уағыздарын естіп жағаңды ұстайсың. Қазақ қазақ болғалы домбырамен жасасып келеді емес пе?! Халықтық ән жырлары айтылып, салт -санамызды тәрбиелеп жеткізіп келе жатқан жоқпыз ба? Жалпы Қазақты домбырасыз қалай елестетуге болады, мүмкін емес. Ендеше мына сақалдінікі не сандырақ…

Ел ішіне от салып,халықтың дәстүріне тіл тигізіп,домбыраны қорлаған мынандай адамдарды заң алдында қатаң ескертусіз жазалау керек. Егер Қазақстан жерінде жер басып жүрсе.   Домбырамен исламды бір -біріне қарcы қою дұрыс емес, қате ұғым”,-деп жазды Рамазан Стамғазиев

Пікірлер