Қоғамдық даму басқармасының жаңа​ басшысы жұмысын жаңа кресло сатып алудан бастады

5786
Adyrna.kz Telegram

Тамыз айының​ соңында Батыс Қазақстан облысының әкімінің өкімімен​ Қоғамдық даму басқармасына Гүлжанар Шөкеева басшы болып тағайындалған еді. Облыстың идеологиялық жұмыстарын жүйелі жүргізу үшін​ қызметке келген сол су жаңа басшы жұмысын өзіне кресло сатып алудан бастады, —​ деп хабарлайды Адырна ұлттық порталы gaszakup.qov.kz порталына сілтеме жасап.​

Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық даму басқармасы 11 қыркүйек күні жаңа басшыға арналған жаңа кресло сатып алу үшін тендер жариялаған. Гүлжанар Болатқызы бұрынғы басшының тағын қомсынды ма,​ әйтеуір өзіне арналған креслоға мемлекет бюджетінен​ 200 000 теңге бөлгізіпті.​

Тендер жеңімпазы 19 қыркүйекте анықталады.

Гүлжанар Болатқызы 1967 жылы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Талов ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары.

Алматы қаласының және Ақмола облысының Ішкі саясат, Мәдениет министрлігінің Қоғамдық жұмыс департаменті, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясы (БҚО бойынша филиалы), сондай-ақ «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі секілді аты дардай мемлекеттік мекемелерде қызмет атқарған.

Осындай тәжірибелі маман жұмыстың "біссімілләсін" жаңа кресло алудан бастағаны қалай?

Бұл сұрақ Гүлжанар Шөкееваның өзіне де жолданды. Ресми хатқа жауап келіп жатса, қосымша жарияланады.

Қанат Бірлікұлы

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер