1 қазаннан бастап тұмауға қарсы вакциналау басталады

1541
Adyrna.kz Telegram

Елімізде 1 қазанынан бастап тұмауға қарсы вакциналау жүргізіледі. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Нұрқан Сәдуақасов эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы қаулыға қол қойды, деп жазады “Адырна”.

Қаулыда мына бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілетіні айтылған:

  • 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы екпе егу;
  • Медициналық ұйымдарда кіре берісте маскаларды қолдануды және антисептиктердің болуын қамтамасыз ету;
  • Жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау белгілері бар жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балаларды үйге шақыру бойынша қызмет ету;
  • Мектепке дейінгі ұйымдарда күнделікті таңертеңгі тексеріс өткізу, ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды анықтау.
  • Орта білім беру ұйымдарында: бір инкубациялық кезең ішінде бір сыныпта 20-дан 30%-ға дейінгі оқушылар арасында ЖРВИ ауруын тіркеген кезде аудиториялық оқыту жүйесін жою ұсынылады. Сыныпта науқастардың 30%-дан астамы болса, оқушылар онлайн оқытуға көшеді.

 

Пікірлер