Аудан және қала әкімі сайлауы қай күні өтетіні белгілі болды

1913
Adyrna.kz Telegram

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров республикалық маңызы бар қала және аудан әкімдерінің сайлауы 5 қарашада өтетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды adyrna.kz ұлттық порталы.

Бүгін орталық сайлау комиссиясында республикалық маңызы бар қала және аудан әкімдерінің сайлауына байланысты жиын өтті. Жиында 42 аудан және 3 қала әкімінің сайлауы өтетіні хабарланды.

Абай: Кручатов қ., Абай ауданы
Ақмола: Ақкөл, Астрахан, Есіл, Жақсы, Шортанды аудандары
Ақтөбе: Ырғыз, Қобда, Ойыл аудандары
Алматы: Балқаш, Жамбыл аудандары
Атырау: Исатай, Қызылқоға аудандары
ШҚО: Алтай, Глубокое аудандары
Жамбыл: Жуалы, Т.Рысқұлов аудандары
Жетісу: Кербұлақ, Сарқан аудандары
БҚО: Бөкей ордасы, Қаратөбе, Тасқала аудандары
Қарғанды: Приозерск қ., Ақтоғай, Осакаров аудандары
Қостанай: Рудный қ., Алтынсарин, Денисов, Қарабалық, Федеров аудандары
Қызылорда: Сырдария, Шиелі аудандары
Маңғыстау: Бейнеу аудандары
Павлодар: Ақтоғай, Железин, Шарбақты аудандары
СҚО: Есіл, Мамлют, Тимирязев аудандары
Түркістан: Бәйдібек, Мақтаарал, Созақ, Шардара аудандары
Ұлытау: Ұлытау ауданы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауда биыл республикалық маңызы бар қала және аудан әкімдерінің сайлауы пилоттық түрде өтетіні мәлімдеген болатын. Ал 2025 жылдан бастап тұрақты түрде әкім сайлауы өтеді.

Пікірлер