Қазақстан Тәжікстанның 10 ауылын интернетпен қамтамасыз етпек

2054
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Тәжікстанның 10 ауылын интернетпен қамтамасыз етеді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ мен «Нет Солюшенс» ЖШҚ (Тәжікстан Республикасы) арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және нығайту шеңберінде «KazSat-3» ғарыш аппараты арқылы Тәжікстан Республикасының 10 ауылдық елді мекенінде пилоттық жобаны жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Техникалық мәселелер пысықталды. Пилоттық жобаны іске асыру нәтижелері бойынша еліміздің 50-ге жуық шалғай ауылдарында интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету жоспарлануда»,—делінген хабарламада.

Бірінші вице-министр Қаныш Тулеушин еліміздің алғаш рет отандық GovTech шешімдерін экспорттап жатқанын атап өтті.

«Осы құжаттарға қол қою – Қазақстандағы ІТ саласының дамуының жаңа кезеңі. Біз алғаш рет отандық GovTech шешімдерін экспорттап жатырмыз. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ заманауи электрондық үкімет инфрақұрылымын құрудағы тәжірибемізді Тәжікстандағы әріптестерімізге беру міндетін алды»,—деді ол.

Пікірлер