Тоқаев Үкіметке астық өндіретін фермерлерге қаржылай көмек көрсетуді тапсырды

1870
Adyrna.kz Telegram
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі агрошаруашылықтардың жағдайына көңіл аударды. Үкіметке астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына, диқандарға қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Еліміздің солтүстік өңірлеріндегі ауа райының қолайсыздығы мен жайсыз жағдайларға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырды", делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, Қазақстанның солтүстік облыстарында ауа райы салқындап, жаңбыр мен үсік салдарынан астықтың сапасы төмендеуі мүмкін екендігі хабарланған еді.

Қазақстанның негізгі астық егетін өңірлері – Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында екендігі белгілі. Атаулы өңірлерде соңғы екі апта бойы жауын-шашын толастамай тұр. Қазгидромет мұның да алдағы күндерде де жалғасатын айтады.  Нақтырақ айтқанда, жауын-шашын 17 қыркүйекке дейін жалғасып, аяз түседі, соның салдарынан солтүстік өңірлерде жаңа дәннің өніп кетуі және ылғалдың жоғарылығынан сапасының төмен болу қаупі бар.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер