Қадыровтың өлімі жайлы расталмаған мәлімет тарады

10273
Adyrna.kz Telegram
Фото: chechnya.gov.ru
Фото: chechnya.gov.ru

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров комаға түскеннен кейін, қыркүйектің 17-сі күні кешке қайтыс болды деген ақпарат тарады. Бұған дейін оның баспасөз қызметі Қадыровтың таңғы жүгіру кезіндегі бейнежазбасы арқылы БАҚ өкілдерін алдамақ болған. Бұл туралы ВЧК-ОГПУ Телеграм-арнасы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Шешен оппозиционері Абубакар Янгулбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Шешенстан басшысының өлгенін хабарлады.

Ақпарат бойынша, оппозиционер Қадыровтың өлімі туралы 13:27-де әлеуметтік желіде жазды. Бұл хабарды естіген кезде Кремль тікұшақтары Қадыров емделіп жатқан ауруханаға жіберілген. Сонымен қатар, ол жерге шешен элитасының қымбат көліктерімен кортеждері келе бастаған.

Кремльден Внуково бағытында екі тікұшақ бірінен соң бірі ұшып кетті. Кремльдің бас госпиталіне бірінен соң бірі шешен мемлекеттік нөмірлері бар, не басқа ұйымдардың нөмірлері бар, бірақ салонда Шешенстан тұрғындары бар қымбат көліктер келіп жатыр, - делінген хабарламада.

Бір қызығы, шешен элитасын аурухана ғимаратына тексерусіз кіргізеді, ал басқа келушілерді мұқият тексереді.

Дегенмен, Ресейде Қадыровтың денсаулығы туралы ақпаратты жасыруға тырысуда.

Пікірлер