Иран, Ауғанстан және Түркиядан келген қандастар өз құрылтайын өткізді

1920
Adyrna.kz Telegram

Түркістан қаласында Қазақстанның өзге де аймақтарынан жиналған делегаттардың қатысуымен Иран, Ауғансан, Түркия қазақтарының құрылтайы өтті. Жиын осы елдерден келген қазақ көшінің 30 жылдығына арналды. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталы хабарлайды.

Құрылтайға жүздеген адам қатысқан. Қала әкімдігінен өкілдер, ауыл ақсақалдары, Иран, Ауғанстан, Түркиядан келген белгілі қазақ ағайындар жиналған.

Жиынға қатысқан Ираннан көшіп келген журналист Жүсіп Бөкенұлының айтуынша, құрылтайдың жастарға берер тәлімі мол.

“Құрылтайдың негізі мақсаты - салт-дәстүрімізді дәріптеп, артық жерлерін өзгерту. Мәселен, арамыздағы жап-жас жігіт пен қыздар экономикалық жағдай қиын болған соң үйлене алмай, қыздарымыз басқа ұлтқа шығып, жігіттеріміз басқа ұлттың қызын алып отыр. Біздің салтымызға қатысты біраз қиындықтар бар. Соларды өзгертуіміз керек. Ақшаны көп талап ететін жағдайлар да кездеседі. Сондықтан қазақы салт-дәстүрді бүгінгі ұрпаққа дұрыс дәріптеу ниетімен осы құрылтай ұйымдастырылып отыр.

Үш елден көшіп келген қазақтарға Қазақстанның заңына құрмет көрсету, Қазақстанның жақсы азаматы болуға, Қазақстанға еңбеук сіңіруге көмектескіміз келеді. Сондай-ақ, құрылтайда оларға арналған тиімді бағдарламалар туралы да айтылды. Алдағы уақытта нәтижесін береді деген сенімдеміз”, - деді Жүсіп Бөкенұлы.

Пікірлер