«Самат Әбіштің бұйрығын орындадым». Қаңтар оқиғасына қатысты сотта шулы мәлімдеме жасалды

2003
Adyrna.kz Telegram
Фото: Sputnik / Болат Шайхинов
Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Алматыда өтіп жатқан Қаңтар оқиғасына қатысты сотта Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкері Руслан Ысқақов шулы мәлімдеме жасады. Іс бойынша негізгі айыпталушылар Ысқақовтан бөлек, криминалдың жетекшісі, жабайы Арман лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиев пен қалалық мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Сотталушының айтуынша, Қаңтар оқиғасы кезінде ол Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған Самат Әбіштің бұйрығын орындаған. Руслан Ысқақов ҰҚК 5-ші департаментінің бастығы болған.

Менің айғақтарым құпия болды... Әбіштің бұйрығын орындадым деп айтуыма тыйым салмақшы, - деді Ысқақов әлі алдын ала сатыда тұрған сотта.

Пікірлер