ҚУАНЫШ ЕДІЛХАНТЕГІ: ҰҚК офицері өзіне кім тапсырма бергенін жайып салды. Сонда олардың немен айналысып жүргені белгілі болды.

1596
Adyrna.kz Telegram
Фото: Sputnik / Болат Шайхинов
Фото: Sputnik / Болат Шайхинов
Ұлы дала жорығы туралы видеоларды қарап тұрамын. Сонда байқағаным - шабандоздар да, олардың бапкерлері де аузын ашса: "Алланың қалауымен", "Алла бұйыртса", "Аллаһ риза болсын", "Аллаға шүкір", т.с.с. Бұл не пәле?
Уатсаппен ағылып келіп жататын қаптаған видеолар ақыры біздің халқымыздың менталитетін бұзған екен. Тамшы тас теседі деген рас сөз екендігіне көз жетті.
Кешегі еркін күрестен чемпион болатын жігітіміз де сақалы сапсиып аллалап тұр. Спортшылардың көбі салапит ағымына ергендігін естіп-біліп жүрміз, алайда айдалада ат баптап жүрген далалықтардың аллалап қалуы адамның көңіл-күйін түсіріп-ақ жіберетін нәрсе.
ҰҚК жұмысты қойды деп жүрміз ғой. Кешегі сотта сол ҰҚК офицері өздеріне кімнің тапсырма бергендігін, Қаңтарды кім ұйымдастырғанын айдай әлемге жайып салды. Сонда олардың немен айналысып жүргендері белгілі болды. Дұрысында халық оны әуелден біледі, тек сол факт сот және әлем алдында нақты дәлелденді.
Мұны айтып қойып қарап отыруға тағы болмайды. Үкімет саусағын қимылдатады дегенге де сену қиын. Енді не істемек керек? Жалпы бүкіл халық болып мына діни ағымға қарсы тұруымыз керек қой. Өзімізді өзіміз қорғамасақ ұлт ретінде сақталып қалуымыз қалай болар екен? Ал не істейміз?

 

 

Пікірлер